Жапонияның солтүстігіндегі Акита префектурасында жағалауға келіп тоқтаған қайықтың ішінен 8 адамның қаңқасы табылды. Бұл туралы Japan Today-ге сілтеме беріп 24.kz жазады. Алдын ала болжам бойынша олардың бәрі солтүстіккореялықтар болған. Жантүршігерлік «олжа» 26 қарашада табылыпты. Куәгерлер қайықты жағалау суларынан 2 күн бұрын көріпті. Алайда ауа райының қолайсыздықтарынан оған жақын келу мүмкін болмаған екен. Жапония жағалау күзетінің өкілдерінің айтуынша, кейбір мәйіттер қаңқаға айналып үлгерген.
Оставить комментарий