Мьянма лидері Оксфорд қаласының құрметті азаматы атағынан айырылды

/uploads/thumbnail/20171003151202785_small.jpg

Мьянма лидері Аун Сан Су Чжи рохинджа халқының басынан өткеріп жатқан жағдайға бейжай қарағаны  үшін  Оксфорд қаласының құрметті азаматы атағынан айырылды. Бұл жайында Independent басылымы хабарлайды.

Рохинджа мұсылмандары тұратын Мьянманың батысындағы Ракхайн штатында ағымдағы жылдың 25-ші тамызында жағдай күрт нашарлады. Содырлар шабуылынан жүздеген адам көз жұмды. Мьянма әскерінің қудалауымен 600-ге жуық рохинджаға Бангладешке бас сауғалауға тура келді. Мьянма республикасында мұсылман рохинджаларға қарсы геноцид болды.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, Оксфорд қаласының кеңесшілері зорлық-зомбылыққа көз жұма қарайтын адамға қаланың құрметті азаматы деген атақты лайық көрмейтіндерін мәлімдеген.

Оксфорд қаласының әкімі Мэри Кларсон өз сөзінде «Бүгін біз рохинджа мұсылмандарын азаптауға көз жұма қарағаны үшін Аун Сан Су Чжиді қаламыздың құрметті азаматы атағынан айырып отырмыз» деп мәлімдеді.

Және аталмыш шешім қала әкімі кеңесшілерінің алғашқы отырысында қабылданған.

Мьянма лидері

Айта кетсек, Аун Сан Су Чжи – Оксфорд университетінің түлегі, 1997 жылы демократия жолында күрескені үшін Оксфорд қаласының құрметті азаматы атағын алған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи