Қытайдың солтүстігінде цирк қойылымы барысында тордан шығып кеткен жолбарыс адамдарға шабуыл жасап, нәтижесінде екі адам жараланды. Бұл туралы China Daily жазады.
Оқиға 25 қарашада Шаньси провинциясының ауылында орын алған. Жыртқыш аң тордан шығып кетіп, адамдарға шабуылдай бастаған. Басылымның мәліметінше, аңды әлденеге ашуланған көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, аң ересек адам мен баланы жарақаттаған. Цирк қызметкерлері жолбарысты уақытылы торға кіргізіп үлгерді.
Оставить комментарий