АҚШ Солтүстік Кореяның зымыран ұшырғанына байланысты КХДР-ға деген қадамын өзгертпейді. Бұл туралы Америка президенті Дональд Трамп хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Бұл жағдайды қалпына келтіру біздің қолымыздан келетін іс», - деді Трамп өз сөзінде.
Трамптың айтуынша, Вашингтон КХДР-дың зымыран ұшыру мәселесіне байыппен қарайды.
АҚШ басшысы бұл турасында Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен ақылдасты. Абэ мен Трамп Солтүстік Корея тарапынан төніп тұрған қатермен бірге күресуге шешім қабылдады. Токио мен Вашингтон КХДР-дың «арандатушылық әрекеті» оның халықаралық қоғамдастықтан одан әрі алыстауына септігін тигізіп отырғанын айтады.
Сондай-ақ, АҚШ президенті Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруын Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Инмен де талқылады. Ақ үйдің хабарлауынша, мемлекет басшылары КХДР-дың аталмыш әрекетін қатаң сынаған.
Солтүстік Кореяның континентаралық баллистикалық зымыранын ұшыруына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төтенше кездесуі өтеді.