Түркияның дін істер жөніндегі басқармасы ер адамдарға сақалын және шашын қара түске бояуға тиым салды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
«Шашты, сақалды немесе мұртты бояуға тиым салынбайды. Ал діни тұрғыдан келгенде еркектерге шаштарын немесе сақалдарын қараға бояуға қатаң тиым салынған», — деді Түркиядағы дін істер жөніндегі басқармасының өкілі.
Сонымен бірге даңғаза музыка мен ішімдік сатылатын жұмыс орнына да тиым салынуы мүмкін.