Баласын тепкен ер адам өз әрекетін түсіндірді

/uploads/thumbnail/20171204152605721_small.jpg

Бішкек тұрғыны Бариер Адиев атышулы видеода өз баласын неге тепкенін түсіндірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде таралған видео монтаждалған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 50 жастағы ер адам 2 желтоқсанда шамамен сағат 15.15-те баласымен серуендеуге шыққан. Бариер Адиевтің берген түсініктемесі бойынша, ол баласына мұзда сырғанауға рұқсат еткен, ал үйге қайтар алдында бала жерге жатып алып, қайтқысы келмеген. 

Бариер Адиев баласын жердеп көтердім деп отыр. Шамамен сағат 16.00-де үйіне кірген. Кейін ол шаруаларымен шығып кеткен. Ал біршама уақыт өткенде оған әйелі хабарласып, Интернеттен видеоны көргенін айтқан. Содан олар ұрысып қалған. Бариер Адиев болса видеоны монтаж деп отыр.

Милициядағылардың айтуынша, ер адамның әйелі күйеуі мен баласы үйге оралғанда неліктен баланың үсті-басы лас екенін сұраған. Ер адам баланың қиғылық салып, жерде жатып алғанын айтқан. 

Жанжалдан кейін Асель Ержанова баланы ауылда тұратын туыстарының үйіне әкетіп қалған.

Милиция өкілдері Бариер Адиевтің 2 желтоқсанда мас болмағанын айтып отыр.

Агенттіктің мәліметінше, Елхан балалар ауруханасына "іш бөлігінің жарақаты" диагнозымен түскен. Баланың денсаулығына келген зиян бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. 

Ерлі-зайыптының азаматтық некеде екені анықталып отыр.

Связанные Статьи