Алматыдағы Назарбаев даңғылы үкіметтік болып саналады, көше бойына көлік қояға тыйым салынған. Себебі коммерциялық жылжымайтын мүлік иелеріне ыңғайсыздық тудырады. Адамдар көбіне тыныш аудандарды таңдайтындықтан даңғыл бойында тұрғын үйлер көп емес. Бұл туралы «Қазақстандық риэлторлардың біріккен қауымдастығы» директорлар кеңесінің мүшесі Марина Грушина мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, Грушина Назарбаев даңғылында үш жаңа тұрғын үй кешенін салу жоспарда екенін айтты. Тұрғын үй кешені қаланың төменгі бөлігінде орналасатын болады, ол жерде сауда орталықтары да салынады.
Назарбаев даңғылының архитектурасы мен жоспарлауына қатысты бірқатар өзгерістер қарастырылған.
«Алматыгипрогор-1 жобалау институты» ЖШС өкілі желтоқсанның басында Назарбаев даңғылымен қоса бірнеше көшелерді көркейту мақсатында сатып алу байқауы өтетінін хабарлады. Байқау құжаттамасында сәйкес, мұнда жаяу жүргіншілер аймақтары кеңейтіледі, жасыл желектер отырғызылады, ғимараттардың бірінші қабаттары ретке келтірілетін болады.
Еске сала кетейік, бұрынғы Фурманов көшесіне Елбасының есімін беру туралы шешім Алматы мәслихат отырысында қабылданды. Қала әкімі Бауыржан Байбек көшенің Назарбаев болып өзгеруіне тұрғындардың басым көпшілігінің ұсынысы әсер еткенін мәлімдеген.