Мәскеудегі мәйітхана ішінен бірнеше кокаин қаптамасы табылған өлік есірткі саудасымен айналысатын топты қолға түсіруге септігін тигізді деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Қалалық баспасөз мәслихатының басшысы Юрий Титовтың айтуынша:
«Полиция қызметіне мәйітхана өлген адамның ішінен 8 қаптама кокаин табылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Қаза тапқан адам шетелдік болса керек, оның ішінен табылған әр қаптамада 80 грамм кокаин болған».
Оның айтуынша, қаза тапқан адам жақында ғана Мәскеуге ағасымен келген.

«Мұндай әрекетті ұйымдастырған 31-38 жастар аралығындағы төрт күдікті ұсталды. Олардың біреуі ғана жергілікті тұрғын болса, қалғандары жақын және алыс шет елдерден келген. Оған қоса, 1 килограмм кокаин сатып алмақ болған тағы бір шетелдік ұсталып, қолындағы 8 қапсырмасы тартып алынды».
Қолға түсірілген кокаиннің жалпы массасы 3,5 килограммды құрады. Осы әрекеттерге сай қылмыстық іс қозғалды.