Қарулы Күштердің әскери қызметшісі «жыл үздігі» атанды

/uploads/thumbnail/20171204170251466_small.jpg

40398 әскери бөлімінің бөлімше командирі сержант Аслан Шәкенов Алматы облысы бойынша «үздік жас әскери қызметші» атанды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жас әскери қызметшіге облыс әкімі Амандық Баталов өз қолымен «Ko’s’bass’y - 2017» жастар сыйлығын табыс етті. Талдықорғанда үздік жас мамандарға Алматы облысы әкімінің дәстүрлі марапаты ұсынылды. Марапат 17 номинация бойынша тағайындалды: үздік әскери қызметші, журналист, дәрігер, кәсіпкер, мемлекеттік қызметкер және т.б.

Аслан Шәкенов

Облыс әкімі Амандық Баталов әр лауреатқа диплом мен 250 000 тг. сыйақы табыс етті. Аталған шара Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар саясаты орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілді.

Олардың пікірінше жастарды осыдай іс-шаралар арқылы қолдау олардың алға ұмтылып, өз шеберліктерін шыңдай түсуіне ықпал етеді.

Үздік жас әскери қызметмші

- Алматы облысы әкімінің «Ko’s’bass’y» сыйлығы 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Үміткерлер қатаң талаптар мен бұлжымас ережеге сәйкес іріктеліп, ішінен ең үздіктері таңдалды. Жаңа 17 есім тарихқа енгізілді, - деді Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы Айнұр Нұрболқызы.

Оның айтуынша, «Үздік әскери қызметші» номинациясына Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың әскери қызметшілерінен бірнеше өтініш кеп түскен. Кәсіби деңгейлерін, көшбасшылық қабілеттерін, жеткен жетістіктерін саралай келе ҚР ҚК Құрлық әскерлері 40398 ә/б сержанты сержант Аслан Шәкенов облыс әкімінің марапатына лайық деп танылды. Аслан Шәкенов «жекпе-жек» бойынша Қазақстан чемпионатының жүлдегері, «жекпе-жек» бойынша халықаралық турнирлердің жеңімпазы, «джиу-джитсу» бойынша Қазақстан чемпионы.

Осы кезге дейін 50-ден аса облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда бағын сынаған.

-Барлығы біздің әскери бөлімде ұйымдастырылған жекпе-жек жарысынан басталды. Қарсыластарымды жеңген соң одан жоғары деңгейдегі жарыстардабағымды сынай бастадым. «Үздік жас әскери қызметші» атану мен үшін зор мәртебе, қол жеткізген табыстарым тек менікі емес, Қорғаныс министрлігі басшылығыныкі деп білемін. Себебі менің шеберлігімді шыңдауға, кәсібилігімді дамытуға жақсы жағдай жасалып отыр. Біз алдыңғы буын ағаларға қарап өссек, артқы буын бізге қарап бой түзейді. Демек біздің жаман, не орташа болуға қақымыз жоқ, біз, қазақстандық жастар, әрқашан алда, көшбасшы болуымыз қажет, - деп ой түйді сержант Аслан Шәкенов.

Үздік жас әскери қызметмші

Салтанатты марапаттау шарасы қазақстандық эстраданың жарқын жұлдыздары Кәмшат Жолдыбаева мен «Renzo» тобының қойған ғаламат концертімен аяқталды.

Связанные Статьи