NASA Юпитердің солтүстік жарты шарындағы бұлттардың суретін жариялады, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Суретті Juno ғарыш кемесі бұлттардың жоғарғы қабатынан 18906 шақырым қашықтықта түсірген. Бұл Нью-Йорк пен Австралияның арасындағы қашықтықпен тең болуы мүмкін.

Толық зерттеу үшін ғалымдар суретті көк фильтр арқылы өткізген. Масштабы бір пиксельге 12 шақырымды құрайды.
Juno Юпитерді зерттеу мақсатында 2011 жылдың 5 тамызында ұшырылды.