«Рождество құтты болсын». Алғашқы sms-хабарлама мазмұны осындай.
Нил Папворт – 25 жыл бұрын ең алғашқы болып sms-хабарлама жазған бағдарлама құрастырушы.
Папворттың айтуынша, ол алғашқы хабарламасын Vodafone компаниясында құрастырушы болып жұмыс істеп жүрген уақытында компания директорына жазған екен. Ондағы хабарлама мазмұны мынадай: Рождество құтты болсын».
Алғашқы хабарламаға Нил жауап алмаған, себебі ол мүмкін емес еді.
«Хабарламаны жасап шығарған мен емес, мен тек алғашқы болып жіберген адаммын», - деді Папворт.
Құрастырушы одан бері ширек ғасыр өткенін, алайда адамдар әлі күнге дейін сондай хабарламаларды жазып келетіні айтады.
«Технология күн санап дамып келеді, алдағы уақытта адамдар өздері үшін ыңғайлы құрылғыны пайдаланатын болады», - дейді бағдарлама құрастырушы.
Папворттың өзі хабарлама жазу үшін әлеуметтік желіні пайдаланады.