Маңғыстау обылысында бір күнде екі жол апаты болып, төрт адам көз жұмды

/uploads/thumbnail/20171205080459754_small.jpg

Шетпе-Бейнеу тас жолында бір күнде екі көлік апаты орын алып, соның салдарынан төрт адам көз жұмды. Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жазира Әбіл хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жол апаты 1 желтоқсанда болған. 8:-30-да Toyota Camry көлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан.

«Жеңіл көлік автожолдың 210-шақырымында қарсы жолаққа шығып кетіп, фураға соғылған.  Toyota Camry көлігінің 1992 жылы туған жүргізушісі мен 1951 және 1964 жылғы жолаушысы қаза тапты. Жүк көлігінің жүргізушісі ажалдан аман қалды», - деді Жазира Әбіл.

Кейінірек осы жолда екінші жол апаты орын алды.

«Renault көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada Largus көлігіне соғылған. Апаттан Lada-ның бір жолаушысы ажал құшты. Қалғандары аман», - деді  Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Связанные Статьи