5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасай отырып.
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, тұман күтіледі. Тек солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, шығыста және солтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау областрының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Оңтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болады.
Сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, ШығысҚазақстан областарының кей жерлерінде тұман түседі, Алматы, Жамбыл областарында көктайғақ болады.