Facebook балаларға арналған мессенджер шығарады

/uploads/thumbnail/20171205083024900_small.jpg

Facebook компаниясы 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған мессенджер шығармақшы. Бұл туралы 24.kz Associated Press-ке сілтеме жасап хабарлайды. Мессенджерді шығарушылардың айтуынша, қосымшаның бір ерекшелігі балалардың достарымен байланысы ата-аналарының бақылауында болады. Мессенджердің аудиториясы 13 жасқа толмаған балалар болады.

Себебі АҚШ федералды заңы бойынша оларға Facebook желісінде парақша ашуға тыйым салынған. Агенттіктің мәліметінше, ата-аналар балаларын бақылап қана қоймай, олардың бір-бірімен алмасқан жазбаларын да көре алады. Сондай-ақ хабарламаларды тек қана өздері көшіре алады.

Связанные Статьи