Алматыда жантүршігерлік жол апатында жолаушы қаза тапты (фото)

/uploads/thumbnail/20171205084754876_small.jpg

Көлік апаты Жароков пен Шевченко көшелерінің қиылысында орын алған деп жазады  Zakon.kz.

Skoda автокөлігі Шевченко көшесінің бойымен батыс бағытта жүріп бара жатқан. Жоғары жылдамдықта келе жатқан көлік арықты кесіп өтіп ағашқа соғылған. Қатты соққыдан көліктің алдыңғы бөлігі ағашқа тіреліп қалған.

Жол көлік апаты салдарынан соққыдан зардап шеккен көлікте отырған жолаушы қаза тапты.

Куәгердің айтуынша, көлік ішіндегі жолаушы ер адам жедел жәрдем келген соң көз жұмған. Сонымен бірге,   куәгер  көлік жүргізушісі мас күйде болғанын айтқан.

Жүргізушінің айтуынша, жолаушы ер адам оның туысқаны екен. Оқиға орнында жол полициясы мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.

апат

апат

апат

Связанные Статьи