Алматы қаласының Өңірлік коммуникциялар қызметінде Әуезов ауданының әкімі Алтай Рахымбетов брифинг өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Алтай Ерғазыұлының сөзіне сүйенсек, Әуезов ауданына бөлінген жылдық қаржы көлемі - 6740047,0 мың.теңгені құрайды, 11 айлық - 6200797,0 мың.теңге құрады. 30.11.2017 жылдағы күйi бойынша игерілген қаржы сомасы - 6074444,0 мың теңге, ауытқу -126353,0 мың теңгеге немесе 98.0%.
Сондай-ақ, 29-қараша 2017 жылға мемлекеттік салық түсімі 91,0 пайызға орындалды. 2017 жылдың салық болжамы 81 926 935,0 мың теңге, нақты салық түсімі 74 573 107,0 мың теңге.
Салық түсімі мен міндетті төлемнің көбеюіне сәйкес бюджетке 74 573 107,0 мың теңге түсті.
Республикалық салық түсімі 86,0 пайызға орындалды. 2017 жылдың республикалық салық болжамы 57 618 954,0 мың теңге, нақты салық түсімі 49 640 090,0 мың теңге.
Жергілікті салық түсімі 103,0 пайызға орындалды. 2017 жылдың жергілікті салық болжамы 24 307 981,0 мың теңге, нақты салық түсімі 24 933 018,0 мың теңге, - деп хабарлады Алтай Ерғазыұлы өз сөзінде.
Оставить комментарий