Ағымдағы жылдың қазан айында Өскеменде өткен «Туған жер» кәсіпкерлер форумында «Менің мектебім» арнайы жобасы бастау алған болатын. «Менің мектебім» арнайы жобасы – облыстағы мектептердің білім сапасын арттыру үшін жағдай жасау мақсатында кәсіпкерлердің, танымал жерлестердің қатысуы. Арнайы жоба аясында жиналған қаражат аудандардағы мектептердің физика, химия, биология кабинеттерін заманауи үлгіде жабдықтау және Назарбаев зияткерлік мектептерінің үлгісіндегі робототехника сыныптарын ашу үшін жұмсалады.
Форумда облыс кәсіпкерлері мұндай игі іс үшін 2,2 млрд. теңге бөлуге дайын екендерін айтқан болатын, бұл қажетті қаражаттың 80 %-ын құрайды.
Барлығы 277 мектептегі 425 кабинетті, оның ішінде 38 физика, 37 химия, 78 биология, 272 робототехника кабинеттерін жаңаша үлгіде жабдықтау жоспарланып отыр. Қаражат жинау ерікті негізді іске асып жатқандығын айта кеткеніміз жөн. Мектептерді жабдықтау қоғамдық бақылауда орталықтандырылған түрде жүргізіледі.
«Менің мектебім» акциясы аясындағы қаражатты «Парыз» Шығыс қазақстан облыстық қайырымдылық қорына аударуға болады: БИН 100440015697; «ForteBank» АҚ банк бенефициары; ИИК KZ2596504F0007415141; кбе 18, кнп 119 «Менің мектебім» акциясы деген белгі қою және қала/аудан атауын көрсету.
Байланыс телефондары: 8(7232) 617-988, +7 777 857 54 81, Өскемен қаласы, Өтепов көшесі, 27., 92 офис
ШҚО Аймақтық байланыс қызметі
Оставить комментарий