Өңірлік коммуникциялар қызметінде Әуезов ауданының әкімі брифинг өткізді

/uploads/thumbnail/20171205175300698_small.jpg

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникциялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Алтай Рахымбетов хабарладыдеп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аудан басшысының мәліметіне сүйенсек, Әуезов аудандық жұмыспен қамту бөліміне жыл басынан 4163 адам өтініш білдірді.

Жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрғандар саны – 1541 адам.

Аудан бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 2397 адам.

2017 жылдың қаңтар–қараша айларында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарында, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында 4561 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Аудан бойынша барлығы жәрдемақы және зейнетақы алушылар саны – 70453 адам, оның ішінде жәрдемақы алушылар – 25259 адам, зейнетақы алушылар-45194 адам, ҰОС мүгедектері – 24, ҰОС қатысушылары – 48.

Жыл басынан бері Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - 56 адамға 1.769.4 мың тг. төленді. 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы - 370 балаға 4.444.1 мың тг. Тұрғын үй көмегі - 406 адамға 4.226.6 мың тг. тағайындалып төленді.

Жыл басынан 480 зейнеткерлік жасқа жеткен мүгедектер мен жалғыбасты қарттарға 5 бөліммен үйлерінде әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Аудандық денсаулық сақтау жүйесінде 11 мемлекеттік, 38 жеке медициналық мекеме және 201 дәріхана бар,- деп сөзін түйіндеді аудан басшысы А.Рахымбетов.

Аудан бойынша 32 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды, оның 9 мектеп-гимназия, физика және математика пәндерін тереңдетіп оқытатын 2 мамандандырылған лицей, 2 мектеп-лицей, 14 жалпы білім беретін мектеп. Оқыту тілі бойынша 11 мектепте қазақ тілінде, 11 мектепте орыс тілінде, 9 мектепте қазақ және орыс тілдерінде, 1 мектепте ұйғыр тілінде оқытылады. Мұндай ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникциялар қызметінде өткен брифингте Әуезов ауданының басшысы Алтай Рахымбетов айтты. 

Алтай Рахымбетовтың айтуынша, 32 мемлекеттік мектептердегі оқушы саны 43 390, 32 мектептің жалпы сыйымдылығы 31 745 орын, онда 43 390 оқушы оқиды. Оқу орнының тапшылығы 3 047,5 құрайды. Оқу орнының тапшылығы жылда артуда. № 117, 121, 123, 133, 158, 173, 175 мектептерде оқушы саны шамадан тыс. 2018 жылы Мамыр - 1 шағын ауданында 1200 орынға арналған жалпы білім беретін мектеп салыну жоспарланып отыр.

ҰБТ-ң қорытындысы бойынша 2017 жылы қала бойынша Әуезов ауданы 99,64 баллдық көрсеткішпен 2-орын алды, 99 мектеп түлегі «Алтын белгі» иегерлері атанды, - деп мәлімдеді Әуезов ауданының басшысы Алтай Рахымбетов.

Алтай Ерғазыұлының сөзіне сүйенсек, Әуезов ауданына бөлінген жылдық қаржы көлемі - 6740047,0 мың.теңгені құрайды, 11 айлық - 6200797,0 мың.теңге құрады. 30.11.2017 жылдағы күйi бойынша игерілген қаржы сомасы - 6074444,0 мың теңге, ауытқу -126353,0 мың теңгеге немесе 98.0%.

Сондай-ақ, 29-қараша 2017 жылға мемлекеттік салық түсімі 91,0 пайызға орындалды. 2017 жылдың салық болжамы 81 926 935,0 мың теңге, нақты салық түсімі 74 573 107,0 мың теңге.

Салық түсімі мен міндетті төлемнің көбеюіне сәйкес бюджетке 74 573 107,0 мың теңге түсті.

Республикалық салық түсімі 86,0 пайызға орындалды. 2017 жылдың республикалық салық болжамы 57 618 954,0 мың теңге, нақты салық түсімі 49 640 090,0 мың теңге.

Жергілікті салық түсімі 103,0 пайызға орындалды. 2017 жылдың жергілікті салық болжамы 24 307 981,0 мың теңге, нақты салық түсімі 24 933 018,0 мың теңге, - деп хабарлады Алтай Ерғазыұлы өз сөзінде.

Оставить комментарий

Связанные Статьи