Әкесі егіз балаларын өлтірерде анасы олардың бірін тірі қалдыруды сұраған

/uploads/thumbnail/20171206152953121_small.jpg

Алматыдағы аймақаралық  мамандандырылған сотта егіздердің өлімі жөніндегі сот ісі жалғасып жатыр деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik-ке сілтеп жазады. 

Бүгін сотта алматылық ІІМ егіздердің өліміне кінәлі болуы мүмкін деген Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов пен Алла Воленконы тергеуге алды. Олардың айтуынша, күдіктілер сотқа өз еріктерімен келген, алайда тергеушілер оларды біреулердің күштеп алып келуі мүмкін деп отыр.

Жасына енді жеткен екі сәбидің денесі қыркүйекте істен шыққан тоңазытқыштың ішінен табылған. Өлімге бүлдіршіндердің анасы мен оның көңілдесі кінәлі деп , балалардың денесі табылған күннің ертеңіне ұсталған. Оған қоса күдіктілердің тағы бір екіге келген баласы бар, оны ата-анасы Алматы қаласының орталығына тастап кеткен.

Күдіктілер балалардың ұйқы бермей, мазаларын алғанын алға тартып отыр. 29 жастағы Эмиль Гильмутдинов егіз балаларын өлтірместен екі күн бұрын әйелі Алла Волченкамен сыра мен арақ ішкенін айтты. Ос кезде оның басына сорақы ой келген.

«Мен әйеліме Салават пен Ринатты өлтіретінімді айттым. Ол болса қатты уайымдап, олардың біреуін болса тірі қалдыруды сұрады»,- деп Гильмутдинов берген куәлікті судья Ерлан Болатов оқып берді.

Еркектің айтуынша, әйелі оның балаларды өлтіргісі келетіні  туралы ойын білмеген.

Связанные Статьи