Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 2/163 «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2016-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Басқарманың 2017 жылға арналған жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Тәуелсіздік күніне орай ән салу, терме айту, көркемсөз оқу шеберлігін игерген 18 жастан асқан азаматтар арасында 2017 жылы 8 желтоқсанда сағат 14.00-де «Ана тілім - ән-жырым» атты қалалық байқауын өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Аталмыш байқаудың байқаудың мақсат-міндеттері төмендегідей болды:
Қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, дарынды жастарға қолдау көрсету. Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстарын насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру.
«Ана тілім - ән-жырым» атты қалалық байқауы келесі шарттар бойынша өткізілген болатын: Байқау ән, терме, көркемсөз жанрындағы «Сұлу сазды әсем ән», «Толғауы терең жыр-терме», «Мағыналы ойлы көркемсөз» атты үш номинация бойынша өткізіледі. Қатысушылар Отан, туған жер, қазақ елі, ана тілі, ұлттық рух, Тәуелсіздік, сәйкес «Рухани жаңғыру», татулық пен ынтымақтастық тақырыбындағы шығармаларды таңдауы тиіс. Орындалатын шығарма көлемі 3-5 минуттан аспауы керек. Ән салғанда дауысы жазылған дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады, тек минус түріндегі дайын фонограмманы қолдануға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларын орындауға тыйым салынды.
Байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың ән салу, терме айту, домбыра тарту, көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, шығарманы мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударылған болатын.
Байқаудың нәтижесіне байланысты жүлдегерлерге әр номинация бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған өнерпаздарға тиісті дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.