Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, тек республиканың оңтүстік, солтүстік және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде-бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Ақмола облысында кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с болады. Алматы облысында кей жерлерінде тұман, Жаланашкол ауданында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с күтілуде. Қарағанды облысының кей жерінде көктайғақ, тұман, күндіз жел 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.