Әлемдегі ең жойқын жер сілкіністерінің бірі 1988 жылы Арменияда болды. Табиғи апат 25 мыңнан астам адамның өмірін жалмап, жүз мыңға жуық адамның мүгедек болуына әкеліп соққан. Sputnik Армения сол уақыттағы жер сілкінісінен эксклюзивті кадрларды ұсынды.
Спитак жер сілкінісі 1988 жылдың 7 желтоқсанында сағат күндізгі 11:41-де болды. 7 баллдық жер асты дүмпулерінің салдарынан 300-ге жуық елді мекен зардап шегіп, апат ошағына айналған Спитак қаласы 30 секунд ішінде қирап қалған.
Ресми деректерге сәйкес, 25 мың адам көз жұмып, 140 мың адам мүгедекке айналды. 50 мың адам үй-күйсіз қалды.