Алматыда спорт сүйер қауымның қуанышын тасытқан қысқы «Универсиада-2017» мегаполиске мұра ретінде тек спорт кешендерін ғана емес, Атлеттер қалашығын да қалдырғаны белгілі.
«Атлеттер қалашығындағы пәтерлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына берілді. Барлығы 1748 пәтерге тұрғындармен арада келісімшарт жасалды. Арендалық үйлерді беруді жергілікті билік тізім бойынша жүзеге асырады. Бұл - біздің негізгі міндетіміз. Қазақстан ипотекалық компаниясы пәтер кезегіндегі тұрғындардың төлем қабілетін тексерді. Арендаторлардың төлемі Ұлттық қор алдындағы қарызды жабуға жұмсалады», - деді Алматының қалалық әкімдігінен.
Жергілікті басқарушы билік өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, пәтерлер көп балалы, толық емес отбасы, мүгедек баласы немесе асырауында мүгедек бала бар жанұялар, жетім, ата-ана қамқорынсыз қалғандар, оралмандар мен мемлекеттік қызметшілер, 1,2-ші топтағы мүгедек жандарға жалға берілді.
Айта кетерлігі, бөлінген барлық пәтердің 50 пайызы 35 жасқа дейінгі жас отбасыларға бөлінген.
Алғашқы тұрғындар 2017 жылдың 22 наурыз күні қоныс тойларын өткізген болатын. Ерекше пәтерлердің біріне қол жеткізген бақытты шаңырақтың иесі дәрігер Татьяна Самойлова. Ол Балаларға жедел жәрдем көрсету орталығында педиатор-дәрігері, неонтолог болып қызмет істейді.
«Халыққа әлеуметтік қолдау жасағаны үшін мен Мемлекет басшысына алғысымды білдіргім келеді. Біздің енді басымызда баспана бар. Мен Атлеттер қалашығы туралы Универсиадаға барғанымда көріп, тамаша ыңғайлы аудан салынғанына дән риза болған едім», -дейді Т. Самойлова.
«Атлеттер қалышығы» кешенінде 14 тұрғын үй бар. Жалпы аумағы - 23 гектар. 1748 пәтер сатылуға шығарылды. Пәтердің жалға беру құны 1 шаршы метріне 1 036 теңге. Жалға алу мерзімі 20 жыл. 5 жылдан кейін пәтерді иесінің мүмкіндігіне қарай сатып алуына рұқсат етіледі.
Алматы қаласында «Нұрлы жер» инфрақұрылым жобаларына шамамен 20 млрд теңге бағытталған. Дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша қалашық құрылысына республикалық бюджеттен 33 млрд теңге бөлінген.
Статистикалық мәліметке сүйенсек, 2016 жылы мен 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Алматыда 4 пәтер берілген. Бұл 2014-2015 жылмен салыстырғанда еке есеге көп. Жыл соңына дейін 4,5 мың пәтер берілу жоспарланған.
Оставить комментарий