Театр әртістері Мәдениет министрінің мәлімдемесіне жауап берді (видео)

/uploads/thumbnail/20171211173227387_small.jpg

Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутаттар алдында сөз сөйлеп, әртістерге берілетін атақтың сатылануын қайтару жөнінде ұсыныс жасаған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының сөзі көпшілік арасында қызу талқыға түскен болатын, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі жазады. 

Осы орайда, «Астана мюзикл» театрының ұжымы министрдің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

«Өткен аптадан бастап мәдениет пен өнер саласына жақындар Парламенттегі мәдениет және спорт министрінің сөйлеген сөздерін талқылауда. Осы мәселеге қатысты пікірімізді біз, «Астана Мюзикл» театрының әртістері Еуропаның төрінен жазып отырмыз.

Біз Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырып отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ мәдениеті мен өнерін еуропалықтарға паш етудеміз. Еуропаның мәдени астанасы Париж қаласының «Le Trianon», «Varietes» сияқты әлемге әйгілі сахналарында өнерімізді көрсеттік. Еуропаның жүрегі саналатын Брюссель қаласында талғампаз Бельгия көрермендерін тұңғыш рет қазақтың театр өнерімен таныстырдық. 

Айтайын дегеніміз - біз секілді шығармашыл жастарға осындай деңгейдегі мүмкіндік қашан беріліп еді?! Мәдениетке деген жаңашырлық осы емес пе? Министрдің сөзі аяғына дейін тыңдалмай, мәні мен мағынасын өзгертіліп талқыланып жатқандығы бәрімізге аян» - делінген хатта.

Мәдениет пен өнер саласының еңбекақысы туралы мәселе көтерілген екен. Министр Арыстанбек Мұxамедиұлының біздің тек жастардан құралған «Астана Мюзикл» театрының еңбекақы мәселесін нақты біздің пайдамызға шешіп бергенін ашып айтқымыз келеді. Көзі қарақты оқырманға белгілі жайт. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа «Еңбек кодексі» заңды күшіне енген еді. «Астана Мюзикл» сол жаңа «Еңбек туралы заң» қабылданғаннан кейін құрылғаны - театрымыздың өте төмен деңгейде еңбекақы алуына соқтырды. Театрға «республикалық» статус бергізіп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақы деңгейін көтеріп берді. Театр әртістерімен кездескен кезде, министр жастардың жан айқайы мен өтінішін жазбаша қабылдап, әділет министрлігі мен еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігіне театрымыздың өзекті мәселесін шешуге тікелей өзі ат салысты. Кейін республикалық бюджеттік комиссия отырысында қорғап шықты. Ендеше, мәдениет министрінің өнер адамдарын қолдауы нақты істермен дәлелденіп жатқандығы маңызды екендігін айтқымыз келеді.

Еңбекақы мәселесін былай қойғанда, кәсіби музыкант ретінде «Қызжібек» операсының симфониялық оркестрден этно-фольклорық ансамбльге лайықтап жазып, өзінің ұлттық музыкалық бастауына қайтадан оралтып, нәтижесінде этно-фольклорлық музыкалық қойылымының дүниеге келуіне ұйытқы болып, кәсіби ақыл-кеңес бергенін айтпай кете алмаймыз.

Қазақстанның театр әлемінде тұңғыш рет 2013 жылы «Мюзикл әртісі» мамандығының ашылуына себепкер болып, кейін мемлекеттік деңгейде мюзикл театрының дүниеге келуіне ерекше ат салысты. Кезінде Мәскеудегі Щепкин атындағы театр училищесін аяқтаған өнерлі қыз-жігіттерді Арқалыққа алып келіп театр аштырған Өзбекәлі Жәнібеков болса, қазіргі жастардың сұранысынан туған «Астана Мюзикл» театрының құрылуына себепкер болған министріміз Арыстанбек Мұxамедиұлы екендігі - шындық. Бүгін біздер Австрияның Вена қаласындағы қазіргі заманғы саxна өнерінің орталығы іспеттес «Muth» театрында өнер көрсетеміз. Айтайын дегеніміз қысыр сөз бен мін тағушылық індеттен арылатын уақыт жетті. Қазіргі жастар «сөзден» шаршады. Өз ісінің кәсіби мамандары ғана сол саланы көркейтеді. Қазіргі мәдениет және спорт министрін кәсіби өнердің қыр-сырын меңгерген жан ретінде құрметтейміз.

Оставить комментарий

Связанные Статьи