Монтерейге ядролық қаруды таратпау жөніндегі Джеймс Мартин орталығындағы шығыс-азиялық бағдарламасының директоры Джеффри Льюис Корей түбегіндегі басталуы мүмкін жанжалдың сценарийін жазды.
Льюистің ойынша, 2019 жылдың наурызында бітпейтін бұлтарыстардан қажыған Солтүстік Корея өз шекарасындағы азаматтық ұшақты америкалық бомбалаушы деп ойлап, құлатып түсіреді. Бұл туралы Lenta.ru жазды.
Бұған жауап ретінде Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин іргелес аумақтың нысандарына соққы жасауға бұйрық береді.
Сол уақытта АҚШ президенті Трамп өзінің Твиттердегі парақшасына «Кішкентай зымыран-адам ұзаққа бармайды» деп жазады. Мұны Пхеньян тікелей қоқан-лоқы деп түсініп, ядролық қару тастауға нұсқау береді.
Олардың кейбір бөлігі мақсатқа жеткізбейді, алайда қалған бөлігінің Жапония мен Оңтүстік Кореяға соққы жасауға мүмкіндігі бар. Өз кезегінде АҚШ КХДР-ға бастырмалата соққы жасайды. Ал Ким Чен Ын қалған зымырандарды жіберуге бұйырады. Нәтижесінде Сан-Диего, Перл-Харбор, Нью-Йорк және Вашингтондағы әскери базалар жарылады.
Манхэттенге тікелей жіберілген зымыран салдарынан миллиондаған адам көз жүмады, Вашингтонда 300 мыңдай адам қырылады. Трамп Флоридадағы жер асты бункерінде жасырынып, аман қалады. Ким Чен Ынның денесі үйінде өлі табылады, себебі ол өзі-өзіне қол жұмсайды.
5 қазанда Пхеньянның жанжал жағдайындағы Сеул мен Токиоға жасаған ядролық соққысы 2 миллион адамның өмірін жалмауы мүмкін екені хабарланған. Сарапшылар КХДР-дың баллистикалық зымырандарға арналған 25 ядролық оқтығы бар екенін айтып, бәрінің бір уақытта қолданылатынын ескерткен.