Шымкентте республикалық заманауи би фестивалі өтеді

/uploads/thumbnail/20171212164312248_small.jpg

2017 жылдың 16 желтоқсанында Шымкент қаласында жыл сайынғы заманауи би фестивалі өтеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«ҚалаШым 2017» фестивалі  - ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отыр. Фестивальдің басты мақсаты - әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен жетімдерге көмек көрсету мен олардың мәдениетке, биге қызығушылығын ояту. Сонымен қатар аталған іс-шара  жастардың өнерге деген махаббатын ояту негізінде қолға алынып отыр.

 Шараны ұйымдастырушы ExclusiveCorporation компаниясы. ExclusiveCorporation компаниясы осы уақытқа дейін бірнеше рет республика және қала көлеміндегі түрлі байқауларды, фестивальдар мен концерттер  ұйымдастырып жүр. 

Сонымен бірге, осы жылы бұл фестивальге тәжірибе ретінде «Еркін қазақ» номинациясы қосылды. Аталған номинация бойынша жас ақындар мен реп орындаушылары бақ сынасады.

Аталмыш фестиваль  Шымкент қаласы, Бауыржан Момышұлы 43/2 даңғылы, Оңтүсік-Цирк ғимаратында өтеді.

Связанные Статьи