Қызын бір уақытта екі рет ұзатқан әке қоғамды дүрліктірді

/uploads/thumbnail/20171204103256627_small.jpg

Сауд Арабияда қызын бір уақытта екі рет ұзатқан әкенің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Саудиялық прокуратураның мәліметі бойынша, тәртіп бұзушы азамат бірінші күйеу жігітпен келісіп, той жасаған. Жастар 2 ай бірге тұрғаннан кейін, күйеу жігіт жұмыс барысымен басқа қалаға кетіп, қалыңдық әкесімен бірге тұруға мәжбүр болады.

Бір күні Джидде қаласында белгілі бір жұмыстарымен жүрген күйеу жігіт өз әйелінің басқа біреуге күйеуге шығып жатқанын естиді. Сол уақытта жас жұбайлардың некесі бұзылмаған еді. Кейін күйеу жігіт әйеліне үйленген жігітке хабарласып, барлық жағдайды түсіндіреді. Осы аралықта бірінші күйеу жігіттің әйелі екінші күйеуімен бірге тұрған. Екінші күйеу жігіт бұл туралы хабарсыз екенін айтты. 

Кейін екі күйеу жігіт қайын атасының үстінен арыз жазды. Қазір тергеу істері жүргізіліп жатыр.

Связанные Статьи