Иранда қуатты жер сілкінісі болды

/uploads/thumbnail/20171213092043444_small.jpg

Сәрсенбіде Иранның шығысында магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Орталықтың мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісінің ошағы ирандық Керман қаласынан шығыс бағытта 63 шақырым жерде болған. Тереңдігі – 10 шақырым.

Апаттан қираған ғимараттар мен зардап шеккен адамдар туралы дерек жоқ.

Сейсенбі күні Керман провинциясында болған 5,7 балдық жер сілкінісінің салдарынан 18 адам зардап шеккен.   

Связанные Статьи