А.Садубаев WhatsApp-та таралған террористер фотосына қатысты жауап берді

/uploads/thumbnail/20171226180646626_small.jpg

Соңғы уақыттары WhatsApp мессенджерінде   «Лада гранта» мен «Газель» көліктері арасында орын алған жол-көлік апатының фотолары таралған болатын. Бұл оқиға 20  желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысында орын алған. Апат салдарынан 2 адам қаза тапқан. Осы апат суреттерімен қоса, белгісіз террористердің фотолары да таралған болатын. Осыған байланысты министрдің баспасөз-хатшысы,мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директоры Алмас Садубаев бұл террористердің фотолары орын алған апатқа ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

« Бұл оқиға Ресей территориясында орын алған. Жалған ақпарат таратқандар  жауапқа тартылатын болады»-деді Садубаев.   

Айта кетейік, 20 желтоқсанда Орал-Ақсай тас жолында көлік апаты орын алған. Апат салдарынан 23 жастағы көлік жүргізушісі мен 36 жастағы жолаушы қаза тапқан.

апат

Оставить комментарий

Связанные Статьи