Қазақстанда Жаңа жылға орай қосымша пойыздар қатынайды

/uploads/thumbnail/20171215110536624_small.jpg

Тұрғындар сұранысының артуына байланысты «Жолаушы тасымалы» АҚ Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздарды шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ХАА компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосымша пойыздар төмендегі бағдарлар бойынша қатынайды: «Астана Нұрлы жол-Павлодар» бағытында №174/173 пойыз 1 рейс жүреді. Пойыз Астанадан 30 желтоқсан  23 сағат 50 минутта жолға шығып, Павлодарға 31 желтоқсан  05 сағат 46 минутта жетеді. Кері бағытта Павлодардан 31 желтоқсан  09:15-те жүріп, Астанаға 31 желтоқсанда 15:15-те жетеді.

Пойыздың 22 «Тұлпар-Тальго» жолаушы вагоны бар, соның екеуі «Бизнес», біреуі «Гранд», тағы біреуі «Гранд PMR» класының вагондары болса, қалған 18-і «Турист» класының вагондары. Орындар саны - 346.

«Астана Нұрлы жол-Шымкент» бағытында №178/177 пойыз 2 рейс жасайды. Пойыз Астанадан 27 және 29 желтоқсан 22:30-да жолға шығып, Шымкентке 28 және 30 желтоқсан 17:05-те жетеді. Кері бағыттағы пойыз Шымкенттен 28 және 30 желтоқсан  18:05-те жолға шығып, Астанаға 29 және 31 желтоқсанда 12:54-те жетеді.

Пойыздың 24 «Тұлпар-Тальго» жолаушы вагоны бар, соның екеуі «Бизнес», біреуі «Гранд PMR» класының вагондары болса, қалған 21-і «Турист» класының вагондары. Орындар саны - 425. Еске сала кетсек, бұрын мереке күндері сұранысы жоғары бағыттар бойынша қосымша тағы 15 пойыз шығарылған болатын.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи