Футболшы Джордж Веа қалай президент болды?

/uploads/thumbnail/20171228110332197_small.jpg

«Милан», «Монако», «ПСЖ» футбол командаларында ойнаған, 1995 жылы «Алтын доп» иегері атанған Джордж Веа Либерияның президенті болды. 51 жастағы саясаткер президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жеткен, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ол – аты аңызға айналған футболшы. 1990 жылдары Еуропаның ең үздік ойыншысы атанған. 1995 жылы Веа «Алтын доп» иегері болған ең алғашқы африкалық футболшы ретінде атағы шықты. Ол уақытта «ПСЖ» командасының атынан шығып жүрді. Ал 1995 жылы «Милан» командасына өтіп, Италияның екі чемпионатында да жеңіске жетті.  Сөйтіп, ол 125 үздік футболшылар тізіміне енді.

1995-2003 жылдар аралығында азаматтық соғыс болды. Веа бұл уақытта Англия, Франция, БАӘ-дағы мансабын аяқтаған. Бірақ ұрыс барысында зардап шеккен жандарға көмек қолын тигізіп жүрді. Сондай-ақ африкалық мемлекеттерді аралап, жағдайы төмен отбасыларға қолынан келгенше көмектесіп тұрды. Сол уақытта футболшы спорт мансабын аяқтаған соң саясатқа бет бұратынын біліп те, сезіп те жүрген. «Тәжірибем болмаса да, жақсы істермен айналысқым келеді: Либерия тұрғындары ештеңеден тарлық көрмесе екен деймін, жарығы да, отыны да түгел болса...», - деген еді Веа.

Сөйтіп, Веа «Демократиялық ауысым конгресі» партиясын құрды да, өзін жоғарғы лауазымдағы үмітке ретінде ұсынды. Жаңа саясаткердің кампаниясы ауқымды болды – ол мықты деген жазушының өзінің қолынан келмеген ел білмейтін мекендерге барып, ақпарат жинап жүрді. Рсы мақсатта Веа King FM радиосы мен Clar tv телеарнасын ашты. Телеарна Джордждың әйелінің атымен аталды.

Алайда Веа сайлауда жеңіліс табады. Алғашқы турда 23,7 пайыз дауыс жинаған, ал оның қарсыласы Джнонсон Серлиф 14,9 пайыз жинаған. Екінші турда Джонсон Серлиф футболшыдан 59,5 пайызбен асып түсті. Веа сайлаудың әділетсіз өткенін алға тартып, наразылық білдірген. Бірақ африкалық одақ оның наразылығын қабылдамады. 2011 жылы тағы бағын сынамақ болады. Бұл жолы партия дипломат Уинстон Табменді таңдады.

Сайлауға дейін Веа АҚШ-қа барып, мемлекеттік басқару, саясаттану және менеджмент салаларының қыр-сырымен танысып қайтады. 2014 жылы кішігірім жеңіске қол жеткізді – Монтсеррадо графтығы сенаторының креслосы бұйырады. Сөйтіп «Үміт жолында өзгеру» сайлауалды науқанын өткізеді.

Халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, жастардың піріне айналған Джордж Веа 2017 жылы президенттік сайлауда 38,4 пайыз дауыспен жеңіске жетті.

«Отбасыма, достарыма, сайлау алдында қолдау көрсеткен барша жақтаушыларыма алғысымды білдіремін», - деп жазды Веа өзінің Твиттердегі парақшасына.

Айта кетейік, бүгінде 51 жастағы Веа «Алтын доп» иегері атанған алғашқы футболшы.

Связанные Статьи