70 жастағы павлодарлық Әсетолла Медеуов қазақстандықтарға арнайы видеожазба түсірген. Ол Жаңа жыл қарсаңында әнші Төреғали Төреәліні кешіруді сұрайды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.
Ақсақалдың айтуынша, ол Павлодарда 21 желтоқсанда өткен Төреғалидің концертіне қатысқан.
«Менің ойымша, қызылордалық көрерменнің айтқан сөздері дұрыс емес. Алайда, Төреғалиді де ақтап алу қиын. Жас таланттың эстрадалық шығармашылығы енді ғана өрлеп келеді. Меніңше, кешірімді болу керек»-дейді ақсақал.
Павлодарға енді Төреғалиді шақырмау туралы шешім асығыстық секілді дейді А.Медеуов.