Жаңа жылды жылу сыйлаумен баста

/uploads/thumbnail/20180103180325807_small.jpg

Биыл бас қаламыз 20-жылдық мерейтойын атап өтпек. Астана өзінің суық қысымен ерекшеленеді. ЖасОтандықтар Жаңа 2018 жылдың бірінші жұмыс күнін қаланың коммуналды қызметкерлеріне сөздің тура мағынасында жылу сыйлаумен – тегін шәй таратумен бастады. Жастар жұмыс күні ауа райы жағдайына қарамастан таңның атысынан басталатын, еңбегі күнделікті өмірде байқалмайтын аула тазалаушыларына ерекше құрмет білдірді. Осы орайда жастар «Кел, шәй ішейік» мини-фесті арқылы қала тұрғындарын өзгелердің еңбегін бағалауға шақырады.

Данияр Сүндетбаев, «Жас Отан» төрағасы: «Қоғамда сабағын нашар оқыған бала өскенде аула тазалушы болады деген стереотип қалыптасқан. Біздің мақсат – сол ұстанымды жоққа шығарып, осы мамандықтың маңыздылығын көрсету. Бұл мамандық иелерінің арасында бірімізге ана, бірімізге қарындас болатын әйел адамдары да бар.  Жолымызда кездескен қызметкерлерге ізет танытып, амандасып, қолымыздан келгенше көмек көрсетуге шақырамын».

Мини фест таңертеңгі 11-де басталып, күні бойы жалғасын тапты. ЖасОтандықтар шағын автобуспен қаланы аралап, бауырсақ пен шәй таратты. Сондай-ақ, жастар Елорданың коммуналды қызметкерлерімен әңгімелесіп, көмек қолын созды.

Қар тазалап тоңған қызметкерлер, ыстық шай ішіп жылынып қалғандарын айтып, алғыстарын білдірді.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи