Тбилиси қалалық соты Грузияның экс-президенті Сандро Гиргвлиани Михаил Саакашвилиге қатысты үкімді оқыды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Грузия онлайнға сілтеме жасап.
Сот Саакашвилиді кінәлі деп тауып 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Экс-президентке «қызметін асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Украинаның қауіпсіздік қызметі Михаил Саакашвилидің Киевтегі үйінде тінту жұмыстарын жүргізген. Ол қазір Украинада.
Михаил Саакашвили Украинада желтоқсанға дейін ғана жүре алады. Рұқсатты елдің көші-қон қызметі берді.
Бұған дейін оны Украина азаматтығынан айырған. Ол саяси баспана сұраған, алайда Украина билігі оған босқын мәртебесін беруден бас тартты.