Астана тұрғындары хэштег арқылы өтініш қалдыра алады

/uploads/thumbnail/20180104130529084_small.jpg

Астана қаласы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарының хабарлары мен өтініштеріне жедел әрекет ету мақсатында, арыз-шағымдарды #astana109 хештегін қолданып белгілеуді сұрайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева өзінің Facebook парақшасында жазды. 

«Естеріңізге сала кетейін, Астана әкімдігі қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығын құрған болатын.

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы – «109 кезекшілік қызметі» ММ және Астана қ. Әкімдігінің Аxуалдық орталығының бейнебақылау мониторинг командасымен бірігуі арқылы құрылған.

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Астананың «тіршілік әрекетінің» мониторингі және тексеру құралы болып жұмыс жасайды.

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының негізгі мақсаттары болып –тұрғындардың хабарламаларын және өтініштерін қабылдау, коммуналдық және болған оқиғалардың шешу кезіндегі жедел қызметтердің жұмысын, төтенше жағдайларды, оқиғалардың уақытылы жабылуын қадағалау, құқықбұзушылық оқиғаларды анықтау және шешу, сонымен қатар қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы «қазір және осында» режимінде қаладағы жағдайды жедел бақылау болып табылады.

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын біріктіреді және қаланың әрдайым жақсарту платформасы болады.

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы тәулік бойы 24/7 режимінде жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз.

Байланыс нөмірі қала тұрғындарына әдеттегідей 109 болып табылады.

Қала тұрғындары сонымен қатар өздерінің хабарламаларын «Smart Astana» мобильді қосымшасы арқылы бере алады.

Android және IOS құрылғыларына «Smart Astana» мобильді қосымшасын жүктеудің сілтемелері» деп жазды Эльвира Жүргенбаева. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи