Мелани Гудвин 40 жастағы әйел. Кішкентай кезінде зорлық зомбылық көргеннен Мелани өсе келе психологиялық ауруға ұшыраған. Мелани 40 жаста болса да әр түрлі жастағы қыздар кейпіне енеді. Бірде 3 жаста болса, бірде 16 жастағы бойжеткен қыздың қылықтарын істейді. Меланидің психологиялық ауытқуын дәрігерлер зерттеп келеді.
Отбасындағы қиыншылық Меланидің есіне бәрін түсірді. Кенеттен Мелани өзінің ішінде қанша адам өмір сүріп жатқанын түсінді. Бірте-бірте Мелани кішкентай кезінде көрген зорлық-зомбылықты есіне түсірді: алдымен 3 жастағы балаға қатысты, сосын 16 жасқа дейін.
«Менде ешқандай дәлел жоқ, бірақ мен қазіргі шындықпен өмір сүруім керек»,- дейді ол.
Меланидің бұл қылығы кездейсоқ емес. Мелани диссоциативті бұзылысына шалдыққан. Осы уақытқа дейін диссоциатив «бірнеше бөлінген жеке тұлға» деп аталып келген болатын.
Мелани өзін «мен» деудің орнына «біз» дейді. «Біз әрқайсысымыз өз өмірін басқарып жүрген тоғыз адамнан тұрамыз. Біз балалық шақта болған зорлық-зомбылықты еске түсіруге тырысамыз»,- дейді Мелани.
Диссоциативті сәйкестілік бұзылысы кезінде өмір тозақ сияқты көрінеді дейді Мелани. Бұл қарапайым, өздерін жақсы сезінетін адамдардың өзіндік имидждің толығымен бұзылуы.
Бірнеше адам өмір сүріп жатқанын кенеттен түсіне бастайды. Білгеннен кейін адам ішінде бір-бірімен арпалыс басталады. Уақыт өте келе адам онымен күресуге болатындығына көз жеткізді.
Меланимен дәрігерлер өздері сөйлеседі. Реми Акварон атты дәрігер Меланиді өзі қарап, емдеп жүр.
30 жылдан аса зерттеп келе жатқан Акарон осыған ұқсас жүздеген науқастармен жұмыс істеген. Көптеген жағдайларда бала кезінде ересектерден зорлық-зомбылықтан зардап шеккен ересектер ұшырайды.
Егер бала бір жылда зорлық-зомбылықты қайта-қайта көрсе, түрлі ересектерден зардап шексе, онда сол уақыттағы әртүрлі адамдар пайда болуы мүмкін дейді дәрігерлер.
Бұл науқастарға көмектесуге болады, бірақ олар маман басшылығының көмегімен психологиялық қалпына келеді.
Меланидің айтуынша, адамдармен, дәрігерлермен жақсы араласу үшін бізге сол кісілерге деген сенім керек.
Меланидің өмірі бірте-бірте жақсарып келеді. Бірақ ол күйеуімен серуенге барағанда, кейбір қиындықтарды бастан кешіргенде, кез келген уақытта 16 жастағы кірпияз Мелани болып қалады. Ал 8 жасатағы Мелани сүйікті ойыншығын көрген кезде кішкентай қызға айналады.
Меланидің ішінде әртүрлі тұлғалары әлі де бар. Бірақ олар бейбіт қатар өмір сүріп келеді.
«Біз - бір емеспіз, бірақ біз тату өмір сүреміз деп келістік», - дейді Мелани.
Оставить комментарий