YouTube желісіндегі «Ислам дәуірі» арнасы Ризабек Батталұлының соңғы кездері «әйелді ұру» туралы шыққан дауға байланысты айтқан видеосын жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бірнеше күн бұрын дінтанушының «Әйелдерді өлтіріп алмайтындай ұруға болады...» деп айтқаны әлеуметтік желіде тарап, халық арасында қызу талқыға түскен. Тіпті Батталұлын сынап-мінегендер де болды. Ал Ризабек Батталұлы «халық видеоның толық нұсқасын көрмеген» деп ақталды.
«Тура əйелді ұруға болады деген жеріңді кесіп алады да беріп жібереді, сосын жұрт арыз жаза бастайды "Ризабектің уағызын тыңдағасын күйеуім ұрды" деп. Күйеуің уағыз түсінбесе, мен кінəлімін бе?! Толық нұсқасын тыңдасаңдаршы», - деді дінтанушы.
Оставить комментарий