Қазақстанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 10 қаңтарды республиканың басым бөлігінде қар жауады, желмен бірге бұрқасын болады, тұман, көктайғақ, тек қиыр оңтүстік-шығыста ғана жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.
Қарағанды облысында жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ болады.
Ақмола облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.
Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Оставить комментарий