Қазақстан Президенті АҚШ-қа ресми сапармен барады

/uploads/thumbnail/20171216165837855_small.jpg
Қазақстан Президенті биылғы 16-18 қаңтарда Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Онда Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы сапар аясында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи