Америкалық басылымда Назарбаев пен Трамптың қашан кездесетіні жарияланды

/uploads/thumbnail/20180110085948705_small.png

Америкалық БАҚ беттерінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы аптада АҚШ-қа баратыны хабарланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен АҚШ Президенті Дональд Трамптың кездесуі 16 қаңтарда өтеді» делінген хабарламада.

Кездесу барысында екі елдің көшбасшылары екіжақты стратегиялық әріптестікті нығайту және тереңдету жолдарын, оның ішінде аймақтық және экономикалық ынтымақтастық саласындағы мәселелерді талқылайды.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде Назарбаев пен Трамп  кездесуінде бірқатар халықаралық мәселелер, соның ішінде Ауғанстандағы ахуал талқыланады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи