АҚШ-та (Луизиана штаты) ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалім мектептік кеңесте оқытушылар жалақысына шағымданғаны үшін қамауға алынған. Бұл туралы Fox News -ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шетелдік басылымның мәліметінше, Дэйша Харгрэйв кеңес мүшелеріне тәртіпке сай жүгінбеген, наразылық танытып сұрақтарды рұқсатсыз қойған. Кеңес залында кезекшілік еткен офицер бастапқыдан оған ескерту жасап, кейін залдан шығарып қолына кісен салып алып кеткен.
Офицердің мұндай әрекетті басшылықтың бұйрығымен жасағаны немесе өз білгенімен істегені белгісіз. Мұғалімді түрмеге қамауға алған.
Оставить комментарий