Қазаққа тұрмысқа шыққан америкалық қыз: Ата-енем шыдамдылық танытты

/uploads/thumbnail/20180110140204058_small.jpg

Америкалық Джулия Маклейн мен қазақстандық Қаулан Құсайынхан ерлі-зайыптылар. Джулия Қазақстанға осыдан алты жыл бұрын келген. Джулияға біздің қонақжайлылығымыз бен тамақтарымыз ұнаған. Төрт жылдан кейін Джулия Қауланды кездестіреді. Сол кезде Джулия  Қазақстаннан өз бақытын тапқанына сенімді  болған. Қазіргі кезде Джулия мен Қаулан бақытты жанұя. Джулия қазақ тілінде еркін сөйлейді. Осы жазда Джулия ЭКСПО көрмесінде  ерікті болды.

«Мен қазақстандық- американдық отбасы болғанымызға  ризамыз. Мен әлі де көптеген нәрселерді үйренуім керек. Қауланның ата-анасы өте мейірімді, сабырлы адамдар, мен ол кісілерге алғыс айтамын. Алдыңғы жылы Қаулан мен ата-анасы маған қонаққа келді және жаңа жылды бірге қарсы алдық. Анасы маған қазақтың ұлттық тамақтарын қалай жасауды үйретті»,- деді Джулия. Биылғы жазда Джулияның ата-анасы Қазақстанға келмек.

Оставить комментарий

Связанные Статьи