Үйдегі тылсым құбылыстар: Жын ба әлде...

/uploads/thumbnail/20180110152019642_small.jpg

Ескі үйдегі жын-шайтандар туралы әңгімелерді кім естімеген? Алайда, мына адамдар үшін үйлерінде болған жағдайлар ақыл-естерінен адастыра жаздаған.

Игорь

"Біздің үй ескі, бес қабатты тұрғын үй. Тірі сияқты, тыныс алып тұрғандай сезіледі, біртүрлі дыбыстарды да жиі естиміз. Кейде көрші үйдегі еркек қорылы естілгендей болады. Оның дыбысы тура бір менің үйімнен шығып  жатқандай сезіледі.  Өз үйіңде бөтен еркектің қорылын естіген деген сұмдық-қой.. Өзіңіз ойлаңызшы... Шатыр төбесінде көгершіндер ұя салған ба деймін. Себебі олар біздің мазамызды алып мезі етті. ".

Галина

"Соңғы қабаттан пәтер жалдап тұрғанмын. Ол үшін әлі өкінемін. Пәтерде тұрған жарты жылда «зомби» секілді болып кеттім. Оның себебі мынада: күн сайын түн ортасында жерге бірнәрсе құлағандай қатты дыбыс шығады, сәлден соң  әлдене еденде домалап бара жатқан сияқты дыбыс шығады. Мүмкін күлкілі естілетін шығар?  Бірақ мен үшін бұл мүлдем күлкілі емес. Бастапқыда көршілеріміз бірдеңе құлатып алды ма деп ойлайтынбыз. Алайда, бұл жағдай күнде қайталанатын! Ең ақырында пәтерден көшетін болған соң, үстіңгі қабаттағы дыбыстар естілген жерге бардық. Қызық болғанда ондай ештеңе жоқ болып шықты. Үйсіздер паналаған белгі де немесе жануарлардың іздері болған жоқ".

Оставить комментарий

Связанные Статьи