Екібастұз полициясы алаяқтық жасаған 25 жастағы жергілікті тұрғынды іздейді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі patrul.kz-ке сілтеме жасай отырып. Салық Қағбатолла Қабдоллаұлы есімді ер азаматты 30.11.1993 жылы дүниеге келген.
«2017 жылдың желтоқсан айының соңында күдікті бір қызбен әлеуметтік желілерде танысып, сөйлесе бастайды. Танысқаннан кейін күдікті қыздың мекен жайын біліп, қызға барады. Бала қыздың үйіне қонақта болып, басынан өткен қайғылы оқиға туралы айтады. Содан кейін ыңғайлы сәтті күтіп ақшаны, қыздың құнды заттарын ұрлап, жоғалып кеткен», - деп хабарлады облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті жігіт осындай әрекеттерімен бірнеше қызды алдаған. Танысқан қыздарына үйленуге ұсыныс жасап, той жасаймыз деп қыздарға несие алдыртқан. Артынша жігіт жоғалып кеткен.
Полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіруде. Кез келген адам осы күдіктіні көрсе немесе іс-әрекеттері күдік тудырса Екібастұз полиция бөліміне қоңырау шалсын: «102», 8 (7187) 06-06-75 немесе WhatsApp + 707-700-40-56 нөмірне хабарлама жассын.
Оставить комментарий