Алматы қаласында қала имамдарының келелі жиыны өтті. Жиында өткен жыл қорытындыланып, 2018 жылдың жұмыстары талқыланды. Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет:

Жиынға қатысқан ҚМДБ-ның іс басқарушысы Орын Ербосын Бектұрсынұлы аталмыш лауазым жайлы ақпарат беріп, маңыздылығы жайлы сөз қозғады. Бұл қызметтің қазіргі іс басқарушы қызметімен ұқсастықтары турасында айтып, мутауәлли қызметінің жан-жақты талқыланатындығын жеткізді.
Бас имамның бұл пікірін қала имамдары қолдап, Діни басқарманың іргетасы қаланғалы бері қызмет етіп жүрген тәжірибелі имамдар да өз пікірін білдірді. Түркісіб аудандық «Фирали Ферғанұлы» мешітінің бас имамы Мейрман Саттарқұл қажы: «Бас мүфтиіміз Серікбай қажы Ораз хазреттің мешіттердегі мутауәллиәт лауазымын қозғауы қазіргі уақыттың талабы әрі дер кезінде көтерілген мәселе. Біз қызметке бастаған жылдары бұл қызмет болған. Ендігі тілегіміз бұл лауазымның қазіргі заман мен қоғамға лайықты етіп жасалуы. Осы арқылы имамдардың жұмыстары жеңілдеп, дәрежесі көтеріліп, мешіт жұмысының сапалылығы артады. Алла баршамызды қолдасын»,-десе,
«Әл-Хамид» мешітінің бас имамы Аманқұлов Асылхан қажы:
«Мутауәллиәт Орта Азияда бұрыннан бері келе жатқан қызмет. Бұл лауазымның мақсаты - имамдардың қоғамдағы беделін түсірмеу әрі дінге жаман ат келтірмеу. Бұл лауазымды атқарушы қызметкер имамға бағынышты, Діни басқарманың өкілі. Мешіттің шаруашылықтарын атқарып қана қоймай, имамдардың дәрежесін көтереді. Бұл лауазымды қолдаймыз, біз үшін қайырлы екеніне сенеміз»,-деді.
Аталмыш жиын имамдарға жаңа серпіліс беріп, қызмет сапасының артуына септігін тигізері анық.