Бүгін Астанадағы мектептерде сабақтар өткізіледі. Бұл туралы қалалық білім басқармасына хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Құрметті ата-аналар! Бүгін, 12 қаңтар күні сабақтар тоқтатылмай уақытымен жүретін болады. Казгидромет деректері бойынша ауа-райы -13 градус, желдің екпіні 5м/с», - делінген ақпараттық хабарламада.
Айта кетейік, 11 қаңтарда Астанада қатты боран соғып, соған байланысты қалада төтенше жағдай жарияланды.
Ал, мектептерде бірінші және екінші ауысымда сабақ болмайтындығы хабарланды.