АҚШ педофилдерін бар әлемге жария етпек

/uploads/thumbnail/20180112120341659_small.jpg

Педофилизммен сотталған америкалықтарды енді  төлқұжаттарында арнайы белгімен белгілейтін болады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме беріп хабарлайды. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті осыған дейін кәмелет жасқа толмағандар мен жеткіншектерге қатысты сексуалды қылмыс жасаған жазаланушылардың құжаттарын жаңаламақ. Ескі құжаттың орнына олар енді сексуалды қылмыс бойынша жауапқа тартылғанын көрсететін белгісі бар құжат алатын болады.

Мұндай құжаттың артқы жағында: «Кәмелет жасқа толмағандар мен жеткіншектерге қатысты сексуалдық қылмыс бойынша жауапқа тартылған» деген жазу жазылатын болады.

АҚШ азаматының төлқұжаты - шетелде жүргенде америкалық азаматтықты куәландыратын құжат болып есетеледі. Осы арқылы АҚШ департаменті секс-туризммен күреспек.

Связанные Статьи