Антициклонның әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы болады, тек батысында, солтүстік-батыста кей жерлерде аздаған қар күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, батысында көктайғақ, солтүстік батыста кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі, деп Қазгидрометке сүйене отырып жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жел 18 м/с, түнде жаяу бұрқасын болады. Атырау облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.Маңғыстау, Павлодар, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.