Натали Портман: 13 жасымда денемді бүркеп жүру керектігін ұқтым

/uploads/thumbnail/20180121100624517_small.jpg

13 жасында «сексуалдық терроризмді» бастан өткерген Натали Портман, сол уақыттан бастап денесін жауып, ер адамдардың назарына түспеуді үйренген, деп CNN-ге сүйене отырып жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Кәсіби қызметі үшін қаншама рет марапатталған, актриса Натали Портман сенбі күні Лос-Анжелесте өткен Әйелдер Маршында басынан өткерген сұмдық оқиғасын айтып берді.

12 жасында ол «Léon: The Professional» картинасына түсіп, алғашқы рөлін сомдап шыққан. Бұл фильмде ол ата-анасын өлтіргендерден кек алу мақсатында бейтаныс ер адаммен достасатын қыздың рөлін ойнаған.

Фильм жарыққа шыққанына 1 жыл толғанда, алғашқы кері байланыс бейтаныс еркектің «зорлағысы келген қиялы» туралы хат болатын .

Маршқа жиналғандардың алдында Натали: «13 жастағы қыз болсам да, сол кезде, жабық киімдер киіп өзімді қарапайым етіп көрсету керектігін бірден ұқтым. Сондықтан, сценарийде аймаласу, сүйісу бар бөліктерге түсуден бас тарттым», -деп ағынан жарылды.

«Бұл менің басымнан өткерген  «сексуалдық терроризм» маған өзімді қадағалауға, бүркеніп жүруге үйретті»-деді.  

Связанные Статьи