Кабулдағы қонақүйге жасалған терактіде қазақстандық көз жұмды

/uploads/thumbnail/20180122092010787_small.jpg

Кабулдағы Intercontinental қонақүйінде болған терактіден 1978 жылғы  Қазақстан азаматы көз жұмды. Бұл туралы Қазақстаның СІМ өкілі Ануар Жайнақов мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта қазақстандық елшілер ауған қауіпсіздік қызметтерімен байланыс орнатып жатыр. Жақын арада қаза тапқан қазақстандықтың денесін елге әкелу мәселесі шешілетін болады.

Айта кетейік, Кабулдағы қонақүйге террористік шабуыл жасалып, 43 адам көз жұмған. Шабуыл сенбі күні кешкі уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, содырлар ғимаратқа кіріп, адамдарды тұтқынға алған. Жергілікті полицияның экстремистерді қонақүйден шығару процесі 17 сағатқа созылған.  6 содыр ұсталып, қонақүйдегі 150 адам құтқарылған. Шабуылды «Талибан» қозғалысы мойнына алды.

Связанные Статьи